Аудит шеңберіндегі жұмыстар
Қолданыстағы жобалық құжаттаманы зерделейміз
Сондай-ақ қолданыстағы сервистік қызмет көрсету шарттарын зерделейміз. Бұл жұмыстар деректерді өңдеу орталығының инженерлік инфрақұрылымындағы резервтелмеген компоненттерді анықтау мақсатында жүргізіледі. Сонымен қатар жобалық құжаттамадағы қателерді анықтаймыз. Яғни жүйенің тікелей мақсаты бойынша да, осы жүйеге келіп қосылатын инженерлік трассалар бойынша да резерві жоқ тораптарды анықтаймыз.
Инженерлік инфрақұрылымды тексеру
Vicom Plus мамандары инженерлік инфрақұрылымға физикалық тексеру жүргізеді. Жалпы ақпаратты жинау (серверлік тіректердің саны, ағымдағы жалпы электр тұтыну көлемі және әр серверлік тірекке жеке-жеке шаққандағы электр тұтыну көлемі).
Чек-парақтарды толтыру
Vicom Plus компаниясының мамандары жауапты қызметкерлермен сұхбат және әңгімелесу жүргізіп, чек-парақтарды толтырады. Чек-парақтардың нысандарын инженерлік жабдықтардың әлемдегі жетекші өндірушілері, сондай-ақ бүкіл әлемге танымал Uptime Institute әзірлеген. Сұрақтар басқарудағы кемшіліктердің белгілері анықталған жүздеген деректерді өңдеу орталығындағы операцияларды талдау нәтижелері негізінде қалыптастырылған.
Барлық тораптардың нақты таңбалануының жобалық немесе өзге де құжаттамада көрсетілген таңбалауға сәйкестігін тексеру
Сонымен қатар осы жұмыстар шеңберінде әртүрлі электр қалқандарының жұмыс алгоритмдерінің басып шығарылып, көрінетін жерге ілінгенін тексереміз. Сондай-ақ жауапты операторлардың әртүрлі электр қалқандарының жұмыс алгоритмдерін білу деңгейін тексереміз.
Бір сызықты схемаларды өзектендіру
Қажет болған жағдайда Vicom Plus компаниясының инженер-жобалаушылары жобалық-сметалық құжаттаманың жекелеген бөлімдеріне түзетулер енгізеді немесе оларды қайта сызады.
Мониторинг жүйесінің жұмысын диагностикалау
Диагностика мынадай көрсеткіштерді анықтау мақсатында жүргізіледі:
-
жабдықтың жай-күйін сұрау жиілігі;
-
тарихи деректерді сақтау функциясы және сақтау мерзімі;
-
деректерді резервтеу функциясы;
-
деректерді визуализациялау функционалы.
Инженерлік инфрақұрылымның жекелеген компоненттерінің жұмысын тестілеу
Тестілеуді Vicom Plus компаниясының сертификатталған және білікті мамандары жүргізеді. Тестілеу барысында бастапқыда (жобаға немесе өзге де техникалық тапсырмаға сәйкес) резервтеуді қамтамасыз ету көзделген инженерлік инфрақұрылым компоненттерінің іс жүзінде резервтелгеніне көз жеткізу қажет.
Алынған барлық деректерді бірыңғай есепке біріктіру
Аудит нәтижелері
Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша мынадай құжаттар ұсынылуы мүмкін
-
Деректерді өңдеу орталығының жаңартылған жобалау-атқарушылық құжаттамасы;
-
Жобалау-атқарушылық құжаттаманы және есепті әзірлеу кезінде пайдаланылған стандарттардың, СНИП-тердің, ГОСТ-тардың тізбесі;
-
Күштік қалқандарға жапсыруға арналған барлық электрмен жабдықтау жүйелерінің жаңартылған бір сызықты схемалары;
-
Жаңартылған және өзекті гидравликалық схемалар, сондай-ақ қоса берілген гидравликалық есеп (қолданылатын болса). Гидравликалық есеп, әдетте, салқындатудың нақты қуатын анықтауға мүмкіндік береді;
-
Өзекті CFD-модель (CFD-модель туралы толығырақ ). Қысқаша айтқанда: өзекті CFD-модель суық ауаның қолжетімділігі ең қиын учаскелерін анықтауға мүмкіндік береді;
-
Зерттеу және сынақ нәтижелері бойынша әзірленген есеп. Есепте мыналар қамтылуы мүмкін:
-
Анықталған ықтимал істен шығу нүктелерінің тізбесі;
-
"Серверлік тіректерді салқындатудың жоғарғы және төменгі индекстері" – деректерді өңдеу орталығындағы салқындату тиімділігін өлшеуге арналған метрика;
-
"Қайтарымды температура индексі" – ауа ағындарын басқару жүйесінің тиімділік дәрежесін анықтауға арналған метрика. Ол суық дәліздің ыстық дәлізден қаншалықты жақсы оқшауланғанын және ауа ағындарының араласуы орын алмайтынын анықтау үшін қажет;
-
PUE коэффициенті (Power usage efficiency) – деректерді өңдеу орталығын салқындату тиімділігін өлшеуге арналған метрика;
-
Инженерлік жабдықтарды пайдалану және IT-активтерді басқару саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге негізделген ұсынымдар тізбесі.