Vicom Plus компаниясы жаңа БЖЗҚ офис ғимаратындағы ҚКЖ-ға 25 жылдық кепілдік берілетінін растайтын Commscope сертификатын алды

Біз ірі жобалардың бірін қысқа мерзімде іске асырып, жұмысымыздың жоғары сапасын растайтын ең жоғары деңгейдегі дәлелге — Commscope компаниясының 25 жылдық кепілдік сертификатына ие болдық!

2021 жылғы ақпанда Vicom Plus компаниясы жаңа офис ғимаратындағы «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің жұмыс орындарына арналған құрылымдық кабельдік жүйені (ҚКЖ) іске асыру бойынша тендерді жеңіп алды.  

Vicom Plus құрылымдық кабельдік жүйеге арналған материалдарды оптикалық жүйелердің әлемге танымал өндірушісі — Commscope компаниясынан пайдалану туралы шешім қабылдады.

CommScope —

Хикори қаласында, Солтүстік Каролина штатында орналасқан, жаһандық желілік инфрақұрылым провайдері болып саналатын америкалық компания. 1976 жылы құрылған. 1997 жылы CommScope General Instrument компаниясының құрамынан бөлініп шықты және бүкіл әлемде 20 000-нан астам қызметкері бар, ал клиенттері 130-дан астам елде орналасқан.

© Wikipedia

Алда тұрған жұмыс көлемі Алматы қаласындағы жаңа офис ғимаратында орналасқан 650-ден астам жұмыс орнын кабельдік желіге қосуды көздеді.

Тапсырыс беруші бастапқыда мердігерге қатаң талаптар қойды. Жұмыстардың толық көлемі жұмыс істеп тұрған офис орталығында қысқа мерзімде орындалуға тиіс болды. Бұл бірден компаниямыздың қызметіне бірқатар елеулі шектеулер қойды, соның ішінде күндізгі уақытта шу шығаратын жұмыстарды (перфораторларды пайдалана отырып) жүргізуге тыйым салынды.

Жоба бойынша жұмыстар 2021 жылғы сәуірдің ортасында басталып, 2021 жылғы тамыздың үшінші онкүндігінде толық аяқталды!

Осылайша, Vicom Plus компаниясы жаңа офис ғимаратының 9 қабатында орналасқан 650-ден астам жаңа жұмыс орнын корпоративтік коммуникациялар желісіне және үздіксіз электрмен қоректендіру желісіне қосты.

55-тен астам километр мыс кабелі тартылып, 1198 мыс желісі қосылды, сондай-ақ 1,5 километрден астам оптикалық кабель тартылып, 198 оптикалық желі қосылды.

БЖЗҚ жобасының ҚКЖ-сы үшін Uniprise, SYSTIMAX 5e, 6, 6A, OSP үлгісіндегі мыс кабельдер, сондай-ақ тиісті оптикалық қосқыштары бар SM / MM / OSP үлгісіндегі оптикалық кабельдер пайдаланылды.


Тапсырыс берушінің талабы бойынша бас мердігер іске асырылған құрылымдық кабельдік жүйеге сертификат алып, ең ұзақ кепілдік мерзімін қамтамасыз етуге тиіс. Commscope өндірушісінде бұл ең ұзақ мерзім 25 жылды құрайды.

Сапалы төселген кабельдік желілер мен ең жаңа жабдықтың көмегімен қосылған линктердің, сондай-ақ сигналдарды тестілеу кезінде FLUKE Int. компаниясының жоғары дәлдікті жабдығын пайдаланудың арқасында Vicom Plus компаниясы алғашқы әрекеттен-ақ Commscope өндірушісінде талап етілетін сапа деңгейін растап, 25 жылдық кепілдікті растайтын сертификат алды!

2021 жылғы 15 қазан

Миссия орындалды: жұмыс істеп тұрған ДӨО-дағы ҮҚК-ні ауыстыру
Компаниямыздың инженерлері шешуге тиіс болған соңғы міндеттердің бірі — жұмыс істеп тұрған бұлтты ДӨО-да электрмен жабдықтауды ажыратпай, үздіксіз қоректендіру жүйелерін ауыстыру!