Жаңғырту басталғанға дейін ДӨО жай-күйін бағалау

Vicom Plus Банк ЦентрКредиттің резервтік ДӨО-сындағы энергия тұтынуға аудитті сәтті жүргізді

2021 жылғы қарашада АҚ "Банк "ЦентрКредит" Алматы қаласындағы Банк ЦентрКредиттің резервтік деректерді өңдеу орталығындағы энергия тұтыну туралы техникалық ақпаратты жинау жобасына сарапшы ретінде Vicom Plus ЖШС-ні тартты.

Критикалық инфрақұрылымға қойылатын талаптардың артуы, сондай-ақ банктің қызмет ауқымының кеңеюі — серверлік сөрелердің қолданыстағы электрмен жабдықталуын талдау қажеттілігінің туындауына себеп болған екі негізгі фактор. Резервтік ДӨО-да серверлік қуаттарды арттыруды бастамас бұрын төселген күштік кабельдердің қималарының, орнатылған қорғаныс автоматтарының номиналдарының талаптарға сәйкестігін, таңбалаудың өзектілігін және тағы басқаларын тексеру қажет.

Vicom Plus компаниясының деректерді өңдеу орталықтарының инженерлік инфрақұрылымдарын сүйемелдеуде көпжылдық мол тәжірибесі бар. Бұдан бөлек, Vicom Plus осындай жобаларды іске асыруға жеткілікті техникалық жарақтануы мен физикалық ресурстары бар санаулы компаниялардың бірі болып табылады. Компанияның сараптамалық әлеуетін үздіксіз қоректендіру жүйелерінің инженерлерінен бастап жобалаушылар мен әдіснама мамандарына дейінгі әртүрлі деңгейдегі мамандар ұсынады. Бұл деректер орталығын басқару саласындағы заманауи әлемдік стандарттарға негізделген есептер мен ұсынымдарды алуға мүмкіндік береді.

Жұмыстарды орындаудың егжей-тегжейлі уақыт жоспарын Vicom Plus мамандары ең басынан әзірледі. Бұл мүдделі тараптар арасындағы үздіксіз әрі тиімді коммуникацияны қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде өзекті мәселелерге жауап беретін барынша толық техникалық есеп әзірленді.

«ЦентрКредит» Банкінің резервтік деректерді өңдеу орталығындағы энергия тұтынуына техникалық талдау қарауға ұсынылып, оның негізінде Банктің аса маңызды IT-инфрақұрылымының өсіп келе жатқан бизнес қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ететін бірқатар басқарушылық шешім әзірленді.

Тығыздығы жоғары серверлік сөрелері бар ірі ДӨО салу тиімдірек
Бұлтты көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын төмендетудің жалғыз жолы — тығыздығы жоғары серверлік сөрелері бар ірі ДӨО салу