Қазақстанның ең көрікті әрі қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі — Ақтау қаласында Халык Банк үшін Деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) салу жобасы аяқталды.
Ауданы 120 шаршы метрден асатын жерде үлкен әрі жарық машиналық зал орналасқан. Банктің талабы бойынша серверлік бағаналар (жаңа да, қолданыстағы да) ыстық және суық дәліздер түзетіндей етіп екі қатарға орналастырылуы тиіс болды.
Ауаны салқындату жүйесі Schneider Electric өндірісінің UniFlair Leonardo сериялы екі қуатты прецизиялық кондиционерінен тұрады — бұл салқындатылған ауаны жалған еден астына төменнен тарататын, қалақшалары иілген жұмыс дөңгелектері және электрондық коммутациясы бар қозғалтқыштармен жабдықталған тікелей салқындату кондиционерлері. Әр кондиционердің қуаты ДӨО-дағы серверлік жабдықтың толық жүктемесіне есептелген, сондықтан екінші кондиционер салқындату жүйесі бойынша 2N деңгейіндегі резервтеуді қамтамасыз етеді.
Серверлік шкафтарды үздіксіз электрмен жабдықтау үшін әрқайсысының қуатын 96kW-қа дейін масштабтауға болатын екі Symmetra PX2 үздіксіз қоректендіру көзі көзделген. Осы ҮҚК-лердің бірегей форм-факторы оларды серверлік бағаналармен бір қатарға біріктіруге мүмкіндік береді, бұл машиналық залдың бағалы кеңістігін едәуір үнемдейді.
Қолданыстағы серверлік бағаналарға қосымша NetShelter 42U серверлік және коммутациялық типтегі тағы 8 жаңа серверлік бағана орнатылды (ені 60 және 80 см). Әр бағана тік орындалған Rack PDU 32 ампер құрылғысымен жабдықталған.
Алдын ала мұқият жоспарлау және осындай нысандарды салудағы көпжылдық тәжірибе Vicom Plus компаниясына жобаны қысқа мерзімде аяқтап, ДӨО-ны іске қосуға мүмкіндік берді. Мәселен, жобаны іске асыру басталған сәттен (2021 жылғы қазан) бастап жабдықты толық аяқтап, пайдалануға бергенге дейін (2021 жылғы желтоқсан) екі айдан сәл астам уақыт өтті.
Жаңа ДӨО-ның маңызды ерекшелігі — машиналық залдың ауданы серверлік жүктемені одан әрі масштабтауға алдын ала есептеліп жобаланған. Халык Банкі бизнесі бүкіл Маңғыстау өңірі сияқты қарқынды дамып келеді. Сондықтан бастапқы тұжырымдама ДӨО қуатын одан әрі кеңейтуді бастапқыдан-ақ қарастыруы тиіс болды.
Сондай-ақ жаңа кеңсе ғимаратын үздіксіз электрмен жабдықтау үшін Schneider Electric компаниясы шығарған, қуаты 120kW болатын жаңа буындағы Easy UPS 3M қосымша үздіксіз қоректендіру көзі орнатылды. ҮҚК-нің жаңа моделін орнатудың айқын артықшылықтарына ҮҚК-нің ықшам өлшемдері және пайдалы әсер коэффициентінің жоғарылығы (ПӘК 95%-дан жоғары) жатады.
Vicom Plus, 2021.








